Ғылымды дамытудың Халықаралық орталығы
2019 жылы ғылыми-білім беру және зерттеу қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған.
Орталық өз қатарында көрнекті ғалымдар мен сарапшыларды біріктіреді, конференциялар, диалог алаңдарын және өзге де маңызды іс-шараларды ұйымдастырады, түрлі зерттеулер жүргізеді, ғылыми жұмыстарды коммерцияландыруды қамтамасыз етеді.
Орталықтың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де басқа да жоғары оқу орындарында өкілдіктері бар.
Орталық серіктестері арасында - халықаралық және үкіметтік ұйымдар, жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері бар.